Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері не жайында сөйлесті

2019 жылдың 9 қазан 2019 13:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бүгін елордада өткен кездесуде қандай мәселелер көтерілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сергей Викторұлымен Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен келешегін қоса алғанда саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы мәселелердің кең ауқымын талқылай алдық. Халықаралық күнтәртіптегі мәселелердің кең ауқымды спектрі бойынша пікір алмастық. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы, Украина мен Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі аспектілері бойынша пікір алмасып, елдеріміздің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы мәселелерін қозғадық», - деді ол келіссөздерден кейінгі БАҚ өілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, аса жоғары және жоғары деңгейдегі халықаралық шаралардың алдағы кестесіне де баса назар аударылды. 2019 жылдың 7 қарашасында Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумына дайындық мәселесі тыңғылықты қарастырылған.

«Ресеймен ықтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болды және солай болып қала беретіндігін де атап өткен орынды. Осы жылдар бойына Қазақстан тату серіктестік қарым-қатынастан таймайтындығын көрсетті. Келіссөздер аясында екіжақты қарым-қатынас мәселелері ғана емес, сонымен бірге көпжақты форматтағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы да талқыланғанын атап өткім келеді. Атап айтқанда, ресейлік әріптесіммен Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін толыққандай пайдалану мүмкіндігін атап өттік», - деді М.Тілеуберді.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, ТМД, ҰҚШҰ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері көтеріліп, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨІСШК сынды халықаралық ұйымдар аясындағы жайттарға байланысты уағдаластыққа қол жеткізілген.

Өз кезегінде Сергей Лавров қазақстандық әріптесімен 2019 жылдың 7 қарашасында Омбы қаласында өтетін Қазақстан-Ресей Өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумы алдында екі елдің жас көшбасшыларының бірінші форумын өткізу мәселесін пысықтағанын айтты.

«Оған әр тараптың да Сыртқы істер министрліктерінің жас қызметкерлері қатысатын болады. Жас дипломаттар арасында осындай деңгейдегі өзара іс-қимылдың келешегі зор деп сенеміз», - деді С.Лавров.

Жоғары қарай