Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Қазақстан Минамат конвенциясына қол қоюы мүмкін

2019 жылдың 25 маусым 2019 16:15 579

 НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Елордада Қазақстанның Минамат конвенциясына  қол қою мүмкіндіктерін талқылаған конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Стокгольм, Роттердам және Базель конвенцияларына бірдей қол қойған мемлекет саналады. Ал БҰҰ-ның Минамат конвенциясына қосылу қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік береді», - дейді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты  қалдықтарды басқару департаментінің директоры Нұрай Сатимов.

Оның айтуынша, Павлодар химия зауытының аумағындағы Былқылдақ көлінде, Нұра өзенінің іргелес аумақтарында сынаптан ластанған учаскелер байқалған.

«Біз кеңестік өндірісте сынаптың көп қолданылғанын, одан ластанған үлкен ошақтар бар екенін білеміз. Солардың қатарын кейінгі жылдары пайда болған ошақтар толықтырып жатыр. Атап айтсақ, Қазақстанда көмір жағу көлемі азаймай тұр.  Нұра өзенінде жүргізілген қосымша зерттеулер ондағы балық ағзасында сынап бар екенін анықтады. Ол сынап балық арқылы «қоректік тізбек» бойынша  адам ағзасына енуі мүмкін», - деді Нұрай Сатимов.


null 

Маманның айтуынша, аталмыш Конвенция қабылданса, елдегі барлық өнеркәсіп кәсіпорындары өндіріс шығарындыларына мониторинг жүргізіп, тиімді басқару жүйесіне көшеді. 

«Минамат конвенциясының міндетті шараларын орындау үшін біраз шығындалу қажет.  Алайда, аталмыш құжат дамушы елдер мен өтпелі экономикадағы елдерге қаржылық және техникалық қолдау көрсетуді көздейді. Жаһандық экологиялық қор сынаптан ластану мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды қаржылай қолдап келеді», - деді министрлік өкілі. 

Әзірше Минамат конвенциясы елімізде қашан қабылданатыны белгісіз.

«Әуелі барлық мүдделі тараптар ортақ келісімге келуі керек. Нақты шешімдер қабылдардың алдында бизнес-топтардың, халықаралық сарапшылардың пікірі ескеріледі. Барлық ұсыныстар мен ескертулер назарға алынады», - деді Нұрай Сатимов.


null 

 

 

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Экология, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай