Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстан мұнай өңдеу көлемін жылына 17 млн тоннаға жеткізуді көздейді

2019 жылдың 23 қыркүйек 2019 12:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мұнай өңдеу көлемін жылына 17 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы KAZENERGY қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болжамға сүйенсек, алдағы онжылдықта көмірсутекті шикізатты тұтыну деңгейі артады. Өйткені мұнай-химия өнеркәсібін тұтыну көлемі екі есе өседі деп күтілуде. Бұл - шамамен екі триллион долларлық нарық. Сондықтан, мұнайды қайта өңдеу және мұнай химиясы - біздің аймақта көмірсутегі шикізатының ірі экспорттаушыларының бірі ретінде зор маңызға ие. 2018 жыл - Қазақстан тарихында алғаш рет рекордтық жыл ретінде тарихта қалды. Нақтырақ айтқанда, мұнай өндірісі 90 миллион тоннаны құрады. Сонымен бірге, 56 миллиард текше метрге жуық газ өндірілді. Яғни, бұл өнеркәсіп белсенді дамып келеді. Бұл үш ірі МӨЗ-де қайта құру жұмыстарының сәтті аяқталғанын білдіреді», - деді ол елордада өтіп жатқан «Орталық Азиядағы мұнай өңдеу мен мұнай химиясы» атты халықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, модернизацияны ескере отырып, Қазақстан мұнай өңдеу көлемін жылына 17 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр.

«Өңдеу тереңдігінің артуын, сондай-ақ K4, K5 класты жанар-жағармай материалдарының сапасының сәйкестігін ескере отырып, біз ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар жанар-жағармай нарығында экспорттық әлеуеттің иесі болдық. Сонымен бірге, Үкіметтің алдында шикізаттық емес экспортты 2025 жылға қарай екі есе арттыру міндеті тұр. Экспорттың едәуір үлесін мұнай-химия өнімдері құрайды», - деді ол.


Жоғары қарай