Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан триатлоннан Орталықазиялық қауымдастығын құрды

2019 жылдың 4 наурыз 2019 18:50

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларының ұлттық триатлон федерациялары бірлесіп Орталықазиялық триатлон қауымдастығын (Central Asian Triathlon Association - CATA) құрды. Тиісті меморандумға Астанада қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің ақпаратына сәйкес, бүгін «Назарбаев Университетінің» қабырғасында САТА-ның алғаш отырысы өтті. Онда қатысушылар САТА Конституциясын қабылдады, ынтымақтастық және өзара келісім туралы меморандумға қол қойып, Атқарушы комитет мүшелерін сайлады. Отырыс нәтижесінде қатысушылар Орталық Азия елдерінің территориясында триатлонды дамыту және насихаттау, Азиялық Триатлон конфедерациясында (ASTC) бірауыздан ортақ бағдарды ұстану - САТА-ның басты мақсаты болады деген келісімге келді. Бұл өз кезегінде - Орталық Азия спортшыларына ғана емес, бапкерлер мен техникалық делегаттарға да ешбір бөгетсіз тәжірибе алмасуға жол ашады. Сонымен қатар, САТА мүшелері Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) және Халықаралық триатлон одағы (ITU) тыйым салған препараттарды пайдаланумен табанды түрде күресуге ортақ күш салатын болды.

САТА басшысы ретінде Almaty Triathlon Federation басшысы әрі ҚТФ вице-президенті - Ғалымжан Есенов бірауыздан сайланды. Өзінің сайлауалды сөзінде Ғалымжан Есенов САТА-ның өнімді жұмыс жасауына барлық күш-жігерін салатынын атап өтті.

Отырыс Қазақстандық триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен және Өзбекстан триатлон федерациясының бас хатшысы Леонид Блохиннің, Қырғыз Республикасы триатлон федерациясының президенті және бас хатшысы Чынгыз Алканов пен Елена Лыжина-Полчинковалардың қатысуымен өтті. Сонымен қатар, отырыс жұмысына ҚТФ вице-президенті Айдын Рахымбаев, ҚТФ бас хатшысы Максим Крят, ҚТФ атқарушы директоры Асылжан Достияров пен ATF қамқоршылық кеңесінің мүшесі Уалихан Тен қатысты.

Басты сөздер: Орталық Азия, Спорт,
Жоғары қарай