Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Қазақстан Өзбекстанға ЕАЭО нарығына шығуды ұсынды

2019 жылдың 13 наурыз 2019 18:12

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан өзбекстандық кәсіпкерлерге елдің аграрлық жобаларына қатысуды ұсынды. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісіне айтты.

«Біз өзбек бизнесмендерін аграрлық жобаларға қатысуға шақырдық, себебі Қазақстан - Еуразия экономикалық одағының нарығына шығу үшін үлкен алаң. Қазіргі уақытта өзбек тарапынан осы мәселеге қатысты көптеген пікір алдық. Оны талқылайтын боламыз. Соған қарамастан, Орталық Азия өңірі екі елдің де кәсіпкерлерінің қызығушылығын тудырып отыр. Бүгін форумда салаларын аталып өтіліп, сол бойынша нақты жобаларды жүзеге асырамыз», - деді ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары.

Авторы: Мирас Қуандықов

Жоғары қарай