Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады

2019 жылдың 12 қараша 2019 17:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы биылғы қазан айында Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Президент Хасан Руханимен табысты келіссөз жүргізгенін айтты. Қазақстан Президенті ирандық әріптесінің Нұр-Сұлтан қаласына өзіне ыңғайлы уақытта сапармен келуін күтетінін жеткізді.

Мұхаммед Джавад Зариф Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан астанасында өзіне көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыс айтты.

Иранның Сыртқы істер министрі «Astana Club» жұмысынан алған әсерімен бөлісе отырып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форумның пленарлық отырысындағы баяндамасын және жиынның сындарлы атмосферасын жоғары бағалады.




Жоғары қарай