Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Қазақстан Президенті кадрлардың кәсіби біліктілігін назарға алып отыр - Ерлан Қарин

2019 жылдың 13 маусым 2019 19:33 1626

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа кадрлық тағайындауларына байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Бүгін Президентіміз өзінің алғашқы кадрлық тағайындауларын жасады.  Сайлауалды бағдарламада уәде етілгендей, жаңа қызметтерге жастар келіп жатыр. Мемлекет басшысы кадрлардың кәсіби біліктілігі мен іскерлік қасиеттеріне басымдық беріп отыр. Аймақтарда да жергілікті кадрлардың әлеуеті ескерілетін болады», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram-каналында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады. Атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі лауазымына Алтай Көлгінов келді. Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына  Ғали Есқалиев тағайындалды. Ал Батыс Қазақстан облысын Серікбай Трұмов басқаратын болды.

Сондай-ақ айта кететін мәселе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен ұлықтау рәсімінде Президенттік кадрлық резерв құру арқылы жас әрі дарынды жастарға қолдау көрсетілетінін мәлім еткен болатын. 

«Мемлекеттік қызметтің барлық деңгейінде жаңа дарынды басқарушыларды қолдау үшін Президенттік кадрлық резерв құрылады. Біздің жастар - өте дарынды әрі креативті, мақсатқа ұмтылып тұрады. Сол себепті, Қазақстанның болашағы сенімді қолда деп айта аламын», - деді Мемлекет басшысы.

 

 

Авторы: Асхат Ахметбеков

 

Басты сөздер: Қоғам, Тағайындау,
Жоғары қарай