Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 377.86
EUR 418.74
RUB 6.10
CNY 54.50

Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 18:58

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өтті. Қазақстанның, Германияның және Еуропалық Одақтың тулары көтеріліп, Бундесвердің бас оркестрі екі мемлекеттің әнұрандарын орындады.




Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель Құрмет қарауылын аралап шықты. Содан кейін екі елдің ресми делегациясының құрамы таныстырылды.




Салтанатты рәсімнің соңында Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.

Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілді.




Сондай ақ білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселесі сөз болды.

Айта кетерлігі, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ФРГ Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен, Германияның экс-канцлері Герхард Шредермен және неміс бизнесінің жетекші өкілдерімен де кездеседі.
















Жоғары қарай