Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қазақстан президентінің бастамалары бауырлас тәжік қоғамы үшін де өзекті - тарихшы

2019 жылдың 1 наурыз 2019 20:14

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың съезде көтерген бастамалары орталықазиялық аймақ елдері үшін, соның ішінде бауырлас тәжік қоғамы үшін де айрықша қызықты және өзекті. А.Дониш атындағы Тарих, археология және этнография институтының ғалымы, тарих ғылымдарының докторы Виктор Дубовицкий осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Виктор Дубовицкийдің пікірінше, әсіресе көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар тәжірибесінің қазіргі уақытта жоғары демографиялық өсімді бастан кешіп отырған Тәжікстан үшін маңызы зор.

«Бұл орайда ауылдарды дамытуға 2019-2021 жылдары қомақты қаржы бөлінуі - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша елеулі серпін береді. Әсіресе ауылдық жерлерде жұмыссыздықты азайтуға, ауыл жастарының келешегін айқындауда ерекше орын алады», - деп атап өтті Виктор Васильевич.

Жоғары қарай