Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Қазақстан Ресейден бензин әкелуге уақытша тыйым салады

2020 жылдың 31 наурыз 2020 15:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан отандық өнімдердің экспортын ұлғайту жөнінде шара қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресей Федерациясынан бензин, дизель және авиациялық отынды Қазақстанның ішкі нарығына әкелуге уақытша тыйым салынады», - деп мәлім етті Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауарлар номенклатурасы кодтарының 2709, 2710, 2902, 3403, 3811 топтарына жататын тауарларды автокөлік құралымен ел аумағынан әкетуге тыйым салуды алып тастамақ.


Жоғары қарай