Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қазақстан сарбаздары таулы аймақтарда оқу-жаттығу өткізіп жатыр

2019 жылдың 24 тамыз 2019 18:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР ҚК Армия орталық спорт клубы таулы дайындық орталығының базасында офицерлері мен әскери қызметшілерінің таудағы дайындық оқуы өтуде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бір ай бойы 35 әскери қызметші 133 сағат теориялық және практикалық дайындықтан өтеді.

Оқу базасына Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов барды. Ол сабақтардың өткізілу барысын тексеріп, әскери альпинистердің дайындық деңгейіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ генерал-майор М. Бектанов майор Аманжол Рахметов, капитан Мақсұт Жұмаев және аға лейтенант Василий Пивцовпен кездесіп, қойылған тапсырмаларды орындаудаға кәсіпқойлық пен жеделдік үшін алғыс айтты. Кеше ғана әскери альпинистер Қырғызстандағы Жеңіс шыңында жоғалған қазақстандықтарды іздестіру бойынша операциядан оралды.

Әскери қызметшілер іздестіру-құтқару жұмыстары барысындағы тәжірибесімен бөліседі және таулардағы штаттан тыс жағдайларға әзірліктерін арттыру үшін шеберлік сабақтарын өткізеді.

Дайындықтың алғашқы циклі аяқталысымен оқып-үйренушілерге альпинизмнен «ҚР альпинисті» белгісі бар «3-ші спорттық разряд» беріледі.

Жоғары қарай