Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Қазақстан сенаторлары Мәскеу билігінің краудсорсинг жобаларымен танысты

2019 жылдың 22 қазан 2019 22:58

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Ресей Федерациясына ресми сапары барысында «Басқарудың жаңа технологиялары» орталығында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Палатаның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сапар барысында Александров бағындағы Белгісіз солдат зиратына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұдан бөлек, Сенат төрағасы «Басқарудың жаңа технологиялары» орталығында болып, «Белсенді азамат», «Біздің қала» жобаларымен, мемлекеттік электрондық қызметтермен және Мәскеу Үкіметінің краудсорсинг жобаларымен танысты.










«Жобалар мемлекеттік органдардың қала тұрғындарымен кері байланысын жүзеге асыруға: азаматтардың шағымдары мен пікірлесуіне орай әрекет етуге; мэрия бағдарламаларына байланысты қала тұрғындарына сауалнама мен зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Онда қазіргі заманғы ерекше ІТ-технологиялар қолданылады, азаматтар кең таралған коммуникациялық қызметтердің (сайт немесе мобильдік қосымша арқылы) көмегімен жобаны пайдалана алады. Мәселен, «Біздің қала» порталының регламентіне сәйкес проблемаларды жою мерзімі 8 күн болып отыр», - делінген таратылған ақпаратта.

«Белсенді азамат» жобасы Мәскеуде 2014 жылдан бері жұмыс істейді және Мәскеу қаласының тұрғындарының өтініштерін жинақтау, ауқымды сауалнама жүргізу үшін мобильдік қосымша әрі сайт түрінде қызмет көрсетіп келеді. Сауалнама тақырыптарында қала өмірінің барлық салалары қамтылған. Соның ішінде, жаңа метро станциясының дизайнын әзірлеу және мемлекеттік емхананың жұмыс кестесін ауыстыру бар.




«Сауалнама нәтижелері мәскеулік биліктің шешім қабылдау барысында ескеріледі. Жобаның жүзеге асуы қалалық проблемаларды талқылауға әлеуметтік белсенді жас ұрпақты тартуға мүмкіндік берді. Жоба жұмыс істеген 5 жылда оған 2,4 миллион тұрғын атсалысты. Сенат басшысы «Біздің қала» порталы жұмыс істеген жылдары 3,7 миллион мәселенің шешімін табуы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін реттеу жүйесін жетілдірудегі мүмкіндіктер мен бағыттарды көрсетіп отырғанын атап өтті», - делінген палата мәліметінде.

«Азаматтарды өз үйлеріне қызмет көрсету мен күтіп-ұстауды сандық тұрпатта бақылауға белсенді түрде тарту бүгінгі заманға сай, ыңғайлы әрі басқаруға тиімді. Мұндай әдістерді Парламентте жатқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылауда қарастыруға болады. Халықпен кері байланыс тәжірибесі қызықтырады. Ойланатын мәселе», - деді Дариға Назарбаева.

Сенат спикері бүгін сондай-ақ Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде орналасқан Қазақ КСР ескі павильонының орнында бой көтерген «Қазақстан» павильонында болды.

Жоғары қарай