Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Қазақстан сейсмологтары кезекті жер сілкінісін тіркеді

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 14:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 20 қаңтар күні Алматы уақытымен 13 сағат 33 минут 32 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан 355 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасты.

«Энергетикалық санаты – 9,7. MPV магнитудасы – 4,2. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген ақпаратта.

Еске салайық, бұл соңғы екі тәулікте Қытай аумағында тіркелген бесінші жер сілкінісі. Алғашқысы 19 қаңтар күні сағат 06. 04-те, екінші зілзала 19 қаңтар сағат 21:27-де болды. 19 қаңтарда сағат 19.27-де болған жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстан аумағына жетті. Оны Алматы тұрғындары 3-4 балл қуатымен сезінді. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы мәліметтер түскен жоқ. Бүгін, 20 қаңтар күні сағат 09.17-де ҚР БҒМ-нің сейсмикалық стансалары Алматы қаласынан 356 шақырым қашықтықта Қытай аумағында тағы бір дүмпудің болғанын анықтады.

Сондай-ақ айта кетейік, 20 қаңтар күні Алматы облысында екі жер сілкінісі тіркелді. Алғашқысы сағат 02-57-те болды. Бірақ тұрғындар дүмпуді сезінбеді. Екіншісі сағат 11.31-де Алматы облысының Текелі қаласы мен Рудничный ауылының арасында болды. Оны Текелі қаласының тұрғындары 3-4 балл, Талдықорған қаласының тұрғындары 3 балл қуатымен сезінді.


Жоғары қарай