Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстан велоспорт федерациясының атқарушы директоры тағайындалды

2019 жылдың 18 қазан 2019 14:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дмитрий Муравьев Қазақстан велоспорт федерациясының атқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дмитрий Муравьёв – Әлемдік тур командасы «Pro Team Astana» сапында және америкалық «RadioShack» жобасында өнер көрсеткен. Т анымал кәсіби велошабандоз.

Қазақстанның ұлттық құрамасында жүргенде 1998 жылы Бангокта - күміс жүлде, 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарында - қола жүлдені жеңіп алған болатын. Одан бөлек, Муравьев «Тур де Франс» көпкүндігінің 4-кезеңінде жеңіске жетті. Сонымен қатар ол көптеген кәсіби веложарыстарда жүлделі орындарға ие болған.

Қазақстандық велошабандоз - Almaty Management University түлегі, «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Жоғары қарай