Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қазақстан жағажай волейболынан Еуролига финалында ұтылып қалды

2019 жылдың 8 қыркүйек 2019 23:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан Қазақстан командасы Еуролиганың промофиналының басты матчында (EBSL, В дивизионы ) ұтылып қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнир Португалияда өткен еді. Қазақстандық команда екінші топта бірінші орынға шығып, финалға жолдама алды. Олардың қарсыласы 1-топта жеңіске жеткен Әзербайжан футболшылары болды.

Финалдық ойын аса тартысты өтті. Күрес кездесудің соңғы минутына дейін толастаған жоқ. Матч қорытындысында қарсыластар жеңістерін тойлады – 1:2. Үшінші орынды Румыния еншіледі.
Азербайжан А дивизионына жалғыз жолдаманы жеңіп алды.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай