Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қазақстан жолдарында заң бұзған жүк көліктеріне 34,5 млн теңге айыппұл салынды

2019 жылдың 19 маусым 2019 09:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік комитеті 21 мамырдан бастап 31 тамызға дейін «Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік» тексеру науқанын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция аясында 21 мамыр мен 10 маусым аралығында 10 174 автокөлік құралы тексеріліп, 202 заң бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 190 құқық бұзушылық - қазақстандықтарға және 12 факті - шетелдік тасымалдаушыларға қатысты. Оларға 34,5 млн теңгеден астам айыппұл салынып, жүріп өткені үшін алым сомасы 14 млн теңгені құрады.

Акция мақсаты - ірі габаритті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау ережелерін бұзудың алдын алу және ескерту, сондай-ақ ауыр салмақты көліктердің жолға залал келтіруіне жол бермеу. Акция барысында республика жолдарында көлік құралдарына бақылау күшейтіледі.

Айта кетейік, акция басталғалы бері ахуал орталығының +7 708 088 00 80 нөмірлі Whats Аpp мессенджеріне 1 025 өтініш келіп түсті.

Жоғары қарай