Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қазақстанда 10 қыркүйек күні өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 20:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары, 2019 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары қаралады.

Сағат 9.30-да ҚР Парламенті Сенатында «ҚР Үкіметі мен Ядролық зерттеулер жөніндегі еуропалық ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде кеңейтілген отырыс өтеді.

Сағат 10.00-де Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында «БАҚ-та суицидтер мәселелерін жариялау ерекшеліктері» тақырыбында семинар-тренинг өткізеді.

Сағат 11.00-де Ritz Carlton Astana қонақ үйінде«Орталық және Оңтүстік Азияның қаржы жүйесін көгалдандыру» тақырыбында IV халықаралық семинар өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайында алғашқы бітімгершілік батальонының Тәжікстан Республикасына қосылғанына 27 жыл толуына арналған іс-шара басталады.

Сағат 11.00-де ҚР Кәсіподақтар федерациясы ғимаратында Елордалық кәсіподақтар орталығы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді.

Сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ольга Шишигинамен кездесу ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында сондай-ақ еліміздің барлық облыстық, қалалық, және аудандық кітапханалар мен ЖОО-да «2019 jyl – Jastar jyly» латын графикасы негізінде қазақ тілінде жалпықазақстандық ашық диктант өтеді.

Сағат 15.00 -де ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейінде «Ханбок және мен: өзіме емдік жол» корей дәстүрлі киімдер көрмесінің ашылады.

Сағат 15.00-де Мәжілісте жаңа заң жобаларының таныстырылады.

Сағат 16.00-де елордалық Достық үйінде Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Орталық стадионның баспасөз залында «Реал Мадрид» клубына бару үшін балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында футболдан Қазақстан чемпионатының «Арманыңа қарай» баспасөз-конференциясы өтеді.

Сағат 10.30-да Алматы қаласы, Жетісу ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады.

Сағат 11.00-де «Жер сілкіністері туралы ерте хабарлау жүйесін» әзірлеу бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын америкалық «Kinemetrics компаниясымен кездесу өтеді.

Сағат 11.00-де Mega сауда-ойын-сауық орталығында Meloman Entertainment компаниясы фильмдердің жаңа пакетінің ауқымды тұсаукесерін өткізеді.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай