Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қазақстанда 12 наурызда болатын маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 11 наурыз 2019 19:30

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі оқырмандарына Қазақстанда 12 наурызда болатын маңызды шараларға шолуын ұсынады.

АСТАНА

9.00-де «Үкімет үйінде» Үкіметтің кезекті отырысы басталады. Күн тәртібінде 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен ҚР республикалық бюджетін атқару қорытындылары, 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет және 2019-2025 жылдарға арналған ҚР Туристік саланы дамыту Мемлекеттік бағдарламасын қарастыру тұр.

9.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында (Назарбаев орталығы) Жастар жылына арналған «Астана жастары - Қазақстанның индустриалдық стратегиялық дамуында» атты қалалық жастар форумы өтеді.

9.00-де Астана медициналық университетінде «Әйел денсаулығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет «Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты кейбір мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын қарау жөнінде кеңейтілген отырыс өткізеді.

11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Мейірім» әлеуметтік жобасы аясында Наурыз мерекесіне арналған «Көктем симфониясы» атты жас шеберлердің мүсіндері мен қолдан жасалған бұйымдардың көрмесі өтеді.

14.30-да Мәжілісте «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

15.30-да Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы шекті келісімді ратификациялау туралы», «Бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобаларын талқылау бойынша кеңейтілген отырыс өтеді.

17.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 27 жылдығы» атты фотокөрме ашылады.

АЛМАТЫ

11.00-де Aurora Space орталығында қоршаған орта жағдайы мен ауа сапасы туралы сарапшылар пікірталасы өтеді.

12.00-де Қазақстандық баспасөз клубында «Цифрлық әлем: сенімді смарт-құрылғылар» тақырыбында Ұлттық тұтынушылар лигасының баспасөз мәслихаты өтеді.

16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында «Ағаштан жасалған заманауи мүсіндер» атты жапондық көшпелі көрме ашылады.

АТЫРАУ

11.30-да Атырау қаласының Кардиология орталығында «Әл-ауқаттық қоғам: Онжылдықтың 10 мақсаты» «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасы бойынша XVIII сьезд делагаттарымен кездесу өтеді.


КӨКШЕТАУ
Сағат 16.30-да Өңірлік коммуникациялар қызметі залында латын графикасындағы әліпбиге көшу бойынша танымдық дәріс өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Аймақ, БАҚ,
Жоғары қарай