Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Қазақстанда 13 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 12 тамыз 2019 20:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 13 тамыз күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы басталады. Күн тәртібінде 2019 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджетінің орындалуы, жаңа 2019-2020 оқу жылының басталуына дайындық барысы туралы айтылады.

Сағат 10.00-де АХҚО Бюросында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Бюросымен және ҚР Ішкі аудиторлар институтымен бірлесіп халықаралық сарапшы Анжела Вицанидің қатысуымен Ішкі адиторлардың ұлттық конференциясын өткізеді.

Сағат 11.00-де «Парасат» БО-да Қазақстанның Сүт одағы қайта өңдеу кәсіпорындарына түсетін шикі сүттің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша Жол картасына қол қою туралы баспасөз конференциясын өткізеді.

Сағат 16.20 Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің 2019 жылдың І жарты жылдығындағы жұмыстың қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізіледі.

Сағат 17.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ арасында экологиялық туризмді дамытуға бағытталған бірқатар келісімдерге қол қою рәсімі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Қазақстандағы қаржы пирамидаларына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясының тақырыбы – «қаржы пирамидаларын құруда Қазақстанның тартымдылығы».

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай