Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда 14 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 13 наурыз 2019 20:30

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 14 наурызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.00-де Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесе отырып, «Білім сапасын арттыру саласында сарапшыларды кәсіби тұрғыда дамыту бойынша халықаралық семинар» өткізеді.

Сағат 09.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақтың салт - дәстүрлері ұлттық құндылық» тақырыбында Көрісу мерекесінің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 09.15-те Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде Қазақстанның өндіру, қайта өңдеу және өндіріс индустриясына арналған цифрлік шешімдер жөніндегі конференциясы өтеді.

Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.

Сағат 11.00-де Мәжілісте 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулердің таныстырылымы өтеді.

Сағат 11.00-де Астана қаласы № 51 мектеп-гимназиясында Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұжырымдамалық мақаласы негізінде жасалған, жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын қалыптастыру мен дамытуға арналған «Өркендеу» жобасының таныстырылымы өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты шығарған «Сұлтанмәмет Сұлтан: мемлекет қайраткері, дипломат және батыр» монографиясы мен «Орта жүздің сұлтандары мен батырлары» атты мұрағат материалдары жинағының тұсаукесері өтеді.

Сағат 11.00-де сағатта Елбасы кітапханасының музейінде Қарағанды қаласы №1 балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары көрмесінің ашылуы өтеді.

Сағат 11.00-де Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.

Сағат 11.30-да «Астана - адалдық алаңы» жобасының шеңберінде Астана қаласы әкімі Бақыт Сұлтанов пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен жобаны іске асыру мәселелері бойынша кездесуі өтеді.

Сағат 12.00-де Астана халықаралық қаржы орталығының ғимаратында Астана қаласында өтетін Әлемдік командалық шахмат бойынша әлем чемпионатының 9-шы кезеңі басталып, содан кейін турнир жеңімпаздарының есімі белгілі болады.

Сағат 14.00-де Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің ғимаратында Бүкіләлемдік бүйрек күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Сағат 14.00-де №13 Қалалық емханада Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күнге арналған туберкулездің алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді.

Сағат 14.30-да Мәжілістегі дөңгелек үстел. Тақырыбы - мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы туралы.

Сағат 15.00-те Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Nur Otan партиясы: табыс пен жетістіктердің 20 жылы» құжаттық көрмесін ұйымдастырады.

Сағат 16.30-да Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақстандық суретшілер Бәтима Зауырбекова, Гүлжамал Тағанова және Елена Тидің «Наурыз. Жаңғыртуә көрмесі ұйымдастырылады.

Сағат 20.00-де Hilton Astana қонақ үйінде шахматтан командалық чемпионаттың салтанатты жабылуы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Қазақстандағы сүт безі қатерлі ісігінің мәселелері және «Сіздің қалаңыздағы қызғылт таспа» арнайы жобасының нәтижелері туралы баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқармасының төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д. Диляра Қайдарова, «Ісікке бірге қарсы» ҚҚ атқарушы директоры Гүлнара Кунирова қатысады.

Сағат 14.00-де Mercure отелінде Қазақстандағы мүгедектігі бар балаларға білім беру мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 12.00-де Digital Logistics Day форумының ашылу салтанаты өтеді. Форумның тақырыбы - «Логистика және өнеркәсіп саласындағы инновациялар». Форум бағдарламасында өнеркәсіптік-логистикалық саябақтың экскурсиясы бар.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайында Алматыдағы Мажарстанның бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырған «Бұғы жолы» фотокөрмесі ашылады.

ШЫМКЕНТ
10.00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Су басу, өрт қауіпсіздігі мен газбен уланудың алдын алу және Азаматтық қорғау органдарының қызметі мәселелеріне арналған брифинг өткізеді.

ТҮРКІСТАН
10:30-да «Түркістан: польшалық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» атты Қазақстан-Польша халықаралық бизнес-форумы өткізіледі.

КӨКШЕТАУ
16:00-де Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы «Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыбында Көкшетау жастарымен кездесу өткізеді.

Перевод Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Nur Otan съезі, БАҚ, Аймақ,
Жоғары қарай