Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қазақстанда 14 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 14 наурыз 2019 19:46 644

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 15 наурызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

 

 

 

АСТАНА

10.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ғалым Болат Әбдікәрімұлының 80 жылдығына орай «Кәсіптік білім берудегі инновациялар: мәселелер мен келешегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

10.00-де «Жастар» сарайында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шығармашылық фестиваль өтеді.

11.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қалалық департаменті Астана қаласы және «Есіл» ауданы әкімдігі, мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалымен бірлесіп «Хан шатыр» сауда орталығында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін» өткізеді.

11.00-де «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратында Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бейнеконференция арқылы өңірлік филиалдармен жиналыс өткізеді.

14.30-да ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің ғимаратында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ІІІ Республикалық форумы өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан халқы ассамблеясының Кафедрааралық ғылыми-білім беру орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың орталық ғалымдарымен және ҚХА сарапшылар тобымен сараптамалық кездесу өтеді.

10.30-да «Қазақстанның халық банкі» АҚ банктің 2018 жылдағы қызметі туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

12.00-де Қазақстанның баспасөз клубында «23 күн жалғыздықта: норвегриялық саяхатшы Уильям Бихолттың Балқашты шаңғымен кесіп өтуі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

ТҮРКІСТАН

8.30-да Сайрам ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс- тур ұйымдастырылады. Онда журналистер білім, мәдениет салаларында бой көтеріп жатқан нысандардың құрылысымен, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысады.

 

 

Автор: Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай