Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Қазақстанда 16 қаңтарда өтетін маңызды шаралар

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 22:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 16 қаңтарда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы GRECO ұйымының атқарушы хатшысы Дж. Эспозито мен агенттік төрағасының бірінші орынбасары О. Бектеновтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

16.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

18.00-де «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің және ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен «Медициналық пойыздар» жобасының үздік дәрігерлері марапатталады.қо

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде православ христиандарының шоқындыру мейрамы қарсаңында тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында брифинг болады.

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында ұлы ақын, ағартушы және философ Абайдың 175 жылдығына арналған Абай атындағы әдеби орталықтың салтанатты ашылуы өтеді.

12.00-де Алматы қаласындағы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Тұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» қоғамдық қорының «Алтын оймақ» ұлттық дизайн байқауының жеңімпаздары марапатталады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай