Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Қазақстанда 17 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

2019 жылдың 16 шілде 2019 19:30 300

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 17 шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН


Сағат 11:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде Гран-приге ие болған Әділхан Макинмен, «Молода Галичина» 26-шы Халықаралық ән фестивалінің бірінші дәрежелі дипломанты Мереке Кенжегүлмен, Гран-при иегері Қуаныш Ерзатұлымен, жүлдегерлері «Қазақ қыздары» тобы мүшелерімен кездеседі. Шара министрлікте өтеді.

Сағат 11:30-да «Astana» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» iQala қалалық қызметтер орталығында ашық есік күнін өткізеді.

Сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінің ашық алаңында Қазақстанның әрбір өңірінің жастарын шоғырландыру және олардың арасында ішкі туризмді дамытуға бағытталған JASTAR KERÝENI республикалық жобасының тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.


АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Алматы хайуанаттар бағында парктің ең «көнекөз» жануары Алькор мен оның бағушысы Сергей Спицын аю жанашырларымен кездеседі. Онда ақ аюларды хайуанаттар бағында ұстау мәселелері талқыланады.

Сағат 10.00-де «Казгипроводхоз институты» өндірістік кәсіпорнында «Алматы қаласына қосылған кенттердің инженерлік желілерін дамыту» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтеді.

Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Тәуелсіз өмір: Қазақстан мен әлемдегі менталдық бұзушылықтары бар адамдар» тақырыбында баспасөз конференциясы басталады.

19.00-де Esentai mall сауда, ойын-сауық орталығында Esentai mall «Арыстан патша» фильмінің қазақша көрсетілімі болады.

Перевод Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Аймақ, БАҚ,
Жоғары қарай