Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қазақстанда 19,1 млн тонна астық бастырылды

2019 жылдың 14 қазан 2019 11:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, орташа өнімділік гектарына 12,6 центнерді құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы егін жинау жұмыстары уақтылы басталып, облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес жалпы дәнді дақылдар егілген 15,2 млн гектардың 15,1 млн гектарында өнім жиналды. 19,1 млн тонна астық бастырылды. Биыл жаздың ыстық және құрғақ болуына байланысы дәнді дақылдар өнімділігі төмендегенін атап өткім келеді. Осының салдарынан өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар өндірісінің төмендеуі күтілуде», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жаздың аптап ыстығынан басқа, егін жинау жұмыстары барысында ұзақ мерзімді (жалпы есеппен 15-20 күн) жауын-шашын болып, бұл өз кезегінде астықтың сапасына да, өнімділігіне де әсер еткен.

«Қазіргі есептер бойынша биыл дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының өнімділігі бункерлік салмақта 19 млн тоннаны құрауы мүмкін. Бұл 2018 жылғы өніммен салыстырғанда 2 млн тоннаға кем. Жалпы жиналған жаңа өнімнен 2,9 млн тонна элеваторларға келіп түсті, оның 1,8 млн тоннасын бидай, 700 мың тоннасы арпа. Жедел деректерге сәйкес, элеваторларға келіп түскен бидайдың 80 пайызға жуығы азық-түлікке, 20 пайызы мал азығына және техникалық мақсатқа арналған бидай. Өткен жылы азық-түлік бидайының көлемі 93 пайыз болған», - деді Сапархан Омаров.

Жоғары қарай