Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Қазақстанда 200-ден астам мектепте шахмат пән ретінде оқытылуда

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 16:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы 200-ден астам мектепте «Мектептегі шахмат» бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан бойынша 80 қала мен ауылдағы 160 мектепте «Мектептегі шахмат» бағдарламасы іске қосылды. Қазіргі таңда бағдарлама 205 мектепте енгізіліп отыр. Онда 15 мың бала шахмат ойнауды үйренеді.





«Бүгіннен бастап қосымша 160 мектепте Қазақстан шахмат федерациясының әдістемелік құралдары бойынша шахмат ойыны үйретіле бастайды», - дейді жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

40 мектеп оқытуға арналған техникамен толықтай жабдықталады. Бағдарламаны 2017 жылы Қазақстан шахмат федерациясы іске қосты. Ол кезде шахмат Алматы, Павлодар мен Қызылорда мектептерінде пән ретінде енгізіліп, 100-ден астам оқушы үйрене бастаған еді. 2018 жылы бағдарламаға Шымкенттен қосымша 26 мектеп пен 1000-нан астам оқушы қосылды. Ал биыл тізім тағы 160 мектеппен және 13 000 оқушымен толықты.





«Бұдан бөлек материалды жақсырақ қабылдау үшін арнайы оқу құралдары әзірленіп, 223 бапкер мен 25 мектеп психологы оқытылды. Шахматтың балаларға әсерін бағалау ісі 22 мектепте өткізілді. Оған бастауыш мектептен 1700 оқушы қатысты. Қазақстан шахмат федерациясының сайтында оқыту бөлімі, шахматтық терминологияның глоссарийі, сондай-ақ, бапкерлерге арналған онлайн платформа жасап шығарылды», - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Бүгінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Екібастұз, Қызылорда, Шымкент, Көкшетау, Ақтөбе, Атыру, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Қарқаралы, Қостанай, Ақтау, Петропавл, Арыс, Темір, Шу қалаларында, сондай-ақ, 61 ауыл мектебінде шахмат ойыны үйретіледі.

Басты сөздер: Білім, Спорт,
Жоғары қарай