Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Қазақстанда 22 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 21 қараша 2019 19:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 22 қараша күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Нұр-Сұлтан қаласында Корпоративтік заңгерлердің Қазақстандық ХIV форумы өтеді. Оған ұлттық, халықаралық және отандық мұнай-газ, металлургия, банк, құрылыс, көлік және бизнестің басқа салаларындағы компаниялардың 200-ден астам корпортавті заңгері және спикерлер – құқық саласындағы жетекші сарапшылар қатысады. Өтетін орны Rixos President Astana.

Сағат 10.00-де елордалық «Алау» мұзды кешенінде Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қоры ұйымдастырған бірінші қысқы балалар мен жасөспірімдер олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 10.00-де «Гранд Парк Есіл» қонақ үйінде «Қазақстандағы кінәсіздік презумпция және азаматтық бостандықтарды қорғау» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сағат 10.00-де ЭКСПО павильоны С 4.3 мекенжайында орналасқан «Астана» халықаралық қаржы орталығының ғимаратында Seedstars Summit CEE 2019 өтеді.

Сағат 10.00-де «Рэдиссон» отелінде «Табысқа бірге» атты І-ші қазақстандық менторлар мен ментилардың (шәкірт) форумы басталады.

Сағат 10.00-де Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ROBOFEST - 2019» робот техникасы бойынша қалалық жарысы өтеді.

Сағат 10.30-да «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол» вокзал кешенінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Атқарушы директоры Е. Мыхановтың қатысуымен жаңа жеңіл алмалы-салмалы мүкамалы таныстырылады.

Сағат 10.30-да «Нұрлы Жол» теміржол вокзалының 4-қабатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры Е.Михановтың қатысуымен жаңа төсек жабдықтары таныстырылады

Сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «FROM KZ» халықаралық жастар форумы басталады.

Сағат 11.00-де Назарбаев университетінде тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдер арасында «Make it possible» спартакиадасы өткізіледі

Сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Астана - адалдық алауы» жобасы аясында брифинг өтеді.

Сағат 11.30-да Ақорда резиденциясында Швейцария Конфедерациясының Президенті В. Маурердің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында шара басталады.

Сағат 12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтің баспасөз-конференциясы өтеді.

Сағат 15.00 М.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде Елбасы кітапханасының архивтік және музейлік жинақтары негізінде «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» кешенді көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Сағат 15.00-де Назарбаев орталығында «Қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы және дамуы» кітабының тұсаукесері өтеді.

Сағат 15.00-де «Хан Шатыр» ОСО-да Бүкіләлемді ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған акция басталады.

Сағат 16.00-де «Хилтон» қонақ үйінде Швейцария президенті – Федералдық кеңесші Уели Мауер мен Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-швейцария үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Бахыт Сұлтановтың қатысуымен Қазақстан-Швейцария дөңгелек үстелі өтеді.

Сағат 16.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қызылорда облысының 2019 жылының 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 17.00-де «Астана» концерт залының ғимаратында (бұрынғы Конгресс-холл) «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізіледі.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де БҰҰ үйінде «Биоәртүрлілікті сақтаудың гендерлік аспектілері» атты халықаралық конференция өтеді. Онда биоәртүрлілікті сақтау мен экологиялық тұрақтылықты шешудің маңызды факторы ретінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жолдары талқыланады.

Сағат 11.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстандық Туризм қауымдастығы (КТА) «Рухани Жағыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында интерактивті дәстүрлі шоу - батырлардың қатысуымен қазақ күресін өткізеді.

Сағат 11.00-де Алматы әкімдігінде алтыншы шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LVII сессиясы өтеді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: БАҚ, Аймақ,
Жоғары қарай