Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстанда 23 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 22 тамыз 2019 20:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 тамызда Нұр-Сұлтан қласында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Ақмола облысының Шортанды ауылында А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-практикалық орталығында «Дала Дәні» халықаралық егістік күні аталып өтеді.

11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде брифинг өтеді.

11.00-де Абайдың 175 жылдығына орай, ақын секерткішінің алдында «Абай әлемі» шарасы ұйымдастырылады.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Абай Құнанбайұлының «Абай поэзиясына 130 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, қарутанушы-этнограф, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қалиола Ахметжанның 70 жылдығына және шығармашылық қызметінің 40 жылдығына арналған «Уақытқа саяхат» атты мерейтойлық көрме ашылады.

16.00-де ҚР Әділет Вице-министрі Н.В.Панның төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

Перевод Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай