Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Қазақстанда 26 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 25 маусым 2019 21:15 414

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 26 маусым күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 11:00-де Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Арыстағы апатқа байланысты баспасөз мәслихаты өтеді. 

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың басшылығымен сараптамалық қоғамдастықтың, азаматтық сектор өкілдерінің, жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы "Адалдық алаңы" республикалық жобалау кеңсесі қызметінің қорытындысы шығарылады.

Сағат 13.00-де Astana International Campus ХҚО-да "FUTURE HOSPITAL KAZAKHSTAN: politics, investments, implementation" халықаралық форумы өтеді.

 Сағат 15.00-де Ақордада Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы қызметкерлерге сыйлықтарды, гранттар және алғыс хаттарды табыс етеді.

Сағат 15.00-де "Шабыт" ҚазҰӨУ-де ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Сағат 16.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР қаржы министрінің халық алдындағы есебінің қортындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Зерен-2019» Республикалық жастарға білім беру жазғы лагерінің басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.30-да Қазақстан қонақ үйінде «Жібек жолы мұрасының дәліздері үшін сақтау және басқару стратегиясын әзірлеу» тақырыбында ЮНЕСКО-ның субөңірлік кеңесі өтеді. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген мәдениет министрлігінің өкілдері, ұлттық сарапшылар, археологтар, сәулетшілер, Дүниежүзілік мұра нысандарының менеджерлері қатысады.

Сағат 11.00-де "Еуразия" қонақ үйінің конференц-залында Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаттарын марапаттау, сондай-ақ "Қазақстанның құрметті журналисі" белгілерін тапсыру шарасы өтеді.

Сағат 14.30-да азаматтық орталықтың мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің экономика және жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі № 1 комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді.

 

 

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: БАҚ, Қоғам,
Жоғары қарай