Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда 27 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 26 наурыз 2019 20:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 27 наурызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Астана Балет» театрында Қазақ ұлттық хореография академиясы ұйымдастырған Шара Жиенқұлова атындағы V республикалық қазақ биі байқауы салтанатты түрде ашылады.

11:00-де Су-құтқару станциясы базасында көктемгі мұз еру кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жөнінде брифинг өтеді.

14:00-де Мәжілістің пленарлық отырысы басталады.

15.00-де «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер сенім грамотасын тапсырады.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Алпысбай Қазығұловтың жеке көрмесі ашылады.

АЛМАТЫ

10.30-да Бас жоспар ғимаратында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері Алматы қаласының кәсіпкерлерімен кездеседі.

15.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің отырысы басталады.

15.00-де ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Польша Республикасының Бас консулдығының атсалысуымен музыкатанушы-этнограф, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Александр Затаевичтің 150 жылдығына арналған «Дала әуенінің ізімен» көрмесі ашылады.

19.00-де «Esentai Mall» сауда орталығындағы Kinopark 11 IMAX-та қазақ тіліндегі «Дамбо» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай