Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қазақстанда 28 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 27 наурыз 2019 20:04 842

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 28 наурызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Солтүстік және Орталық Қазақстан жағдайында нақты егіншілік жүйесін енгізу» тақырыбында семинар-кеңес өтеді.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.

11.00-де Мәжілістің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті дөңгелек үстел отырысын өткізеді.

11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода дәстүрлі брифинг өтеді.

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Назарбаев орталығында «Smart Zholy» акселерациялық бағдарламасы бойынша үздік инновациялық стартап-жобаларды салтанатты марапаттау шарасы өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстандағы Жастар жылына орай, ҚР Ұлттық музейі мен Қазақ Ұлттық өнер университетінің көркем өнер факультеті бірлесіп ұйымдастырған бейнелеу өнері бойынша студенттердің «Өнерлі қол - бақытқа жол» атты көрмесі ашылады.

15:00-де ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына байланысты «Қанатты қаламгер» танымдық кеші өтеді.

16:20-да Журналистерге арналған «Еуроодақ - Қазақстан: Медиа әріптестікті нығайту» ІІ байқауы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

20.00-де ЭКСПО Конгресс-орталығында «Алтын граммофон» шоуы басталады.

АЛМАТЫ

10.00-де Алматы Менеджмент университетінде Жастар жылы аясында «Кәсібилердің жаңа толқыны» Еуразияның жас көшбасшыларының форумы өтеді.

11.00-де «Ғылым ордасында» «Қоғамдық сананың жаңғыруы, біртұтастығы мен көпқырлылығы призмасындағы Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің диалогы: арқылы: ежелгі әлем, орта ғасыр, жаңа уақыт» халықаралық ғылыми конференция өтеді.

17.00-де «Smart Point» орталығында Қазақстанның биоалуандығын сақтау қауымдастығы мен Бриандық сауда палатасының кездесуі өтеді.

 

 

Автор: Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай