Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Қазақстанда 32 ауылды дамыту бағдарламасы дайындалуда

2020 жылдың 18 ақпан 2020 12:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 32 ауылды дамыту бағдарламасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде аграрлық ғылымды, білім және өндірісті интеграциялау мәселелері бойынша отырыста Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жүзеге асыра бастаған тағы бір бастама бар. Мекемелеріміздің жартысы ауылдық аймақтарда орналасқан. Атап айтқанда, нақты 32 ауыл – қала құраушы санатына жатады. Біз дәл осы ғылыми ауылдарды дамыту бағдарламасын дайындауды бастап кеттік», - деді Төлеутай Рақымбеков.

Орталық басшысының айтуынша, бағдарлама аталған 32 ауылдағы әлеуметтік және инженерлік нысандарды жөндеуді, тұрғын үйлерді салуды, өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтарға жағдай жасауды көздейді.

«Ол үшін «Нұрлы жер», «Ауыл – ел бесігі», «Еңбек» бағдарламалары мен АӨК саласын дамытуға қатысты мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану көзделуде. Бұл бағыттағы қадам жас ғалымдардың ауылдарға деген қызығушылығын арттыра түседі. Осы мақсатта Үкіметте облыс әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы министрлігі арасында меморандумға қол қою үшін отырыс өткізу жоспарланған. Бұл жоспар шеңберінде жұмысты бастап кеттік», - деді Төлеутай Рақымбеков.


Жоғары қарай