Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қазақстанда 5 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 4 наурыз 2019 20:02 670

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 5 наурызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.00-де Оқушылар сарайында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын жүзеге асыру және Жастар жылы аясында оныншы «Ғасырдан  ғасырға»  қалалық интеллектуалдық конкурсы өтеді.

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы басталады. Күн тәртібінде 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру, қарапайым заттарды үнемдеу мәселелері қарастырылмақ.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жас дипломаттарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы МБА-ның Дипломатия институтының студенттерімен кездесу ұйымдастырылады. Жиында «Қазақстандық дипломатияның жаңа қырлары» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.

Сағат 10.00-де «Astana.Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркінде Қазақстанда бизнес-үдерістерді роботтандыру шешімдеріне арналған таныстырылымы өтеді.

Сағат 10.00-де Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Тірі классика» атты халықаралық байқаудың финалы өтеді.

Сағат 11.00-де «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партиялық куратор М.Қ. Пішембаевтың төрағалық етуімен кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес отырысы өтеді.

Сағат 12.00-де «Алау» мұз сарайының баспасөз орталығында «Өнер барысы» атты қазақстандық әртістердің арасындағы республикалық турнирге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.00-де Үкімет үйінде Мемлекет басшысының «Нұр Отан »партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау туралы» баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де АХҚО ғимаратында Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 18.00-де Ресей ғылым және мәдениет орталығында «Шопеннің музыкасы кеші» өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «Қазақстан» қонақ үйінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мамандары үшін өңірдің серпінді дамуы контексінде тарихи-мәдени ландшафтарды сақтау бойынша екі күндік ЮНЕСКО семинары өтеді.

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Алматы қаласының тұрғындарына 2019 жылы медициналық көмек көрсету» атты әлеуметтік денсаулық сақтау қорының баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясына Алматы қаласындағы «Әлеуметтік сақтандыруды сақтандыру қоры» филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаева қатысады.

Сағат 11.00-де «Cafe Central» орталығында Tele2 және Altel бірлескен кәсіпорнының жыл сайынғы баспасөз конференциясы өтеді. Іс-шара өткен жылдағы қаржы көрсеткіштері және компанияның келешек даму жоспарлары туралы жарияланады.

ТҮРКІСТАН

Сағат 12.00-де Turkistan media орталығында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов «Көктемгі су тасқынына дайындық және Өрт қауіпсіздігі мен улы газдан улану» тақырыптарындағы баспасөз мәслихатын өткізеді.

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай