Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қазақстанда 50 мыңға жуық ерлі-зайыптылар некесін онлайн тіркеді

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 19:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері 50 мыңға жуық жұп egov.kz порталы арқылы некелерін тіркеп, отбасын құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясына сілтеме жасап.

Некені тіркеудің онлайн жолы өте оңай. Некелерін заңды түрде рәсімдеймін деген жас жұбайлар egov.kz порталының қызметіне жүгінуі тиіс, ол үшін екеуінің де электронды цифрлық қолтаңбасы (қосымша мобильді азаматтар базасында тіркеуі) болуы тиіс. Күйеу жігіт порталға кіріп, қызметті таңдағаннан кейін, болашақ жары мен өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізеді. Кейін ол некелері тіркелетін жергілікті атқарушы органның тіркеу бөлімін таңдап, қызмет құнын төлеуі тиіс.

Бұдан кейін қалыңдық та порталға кіріп, «Қызметтерді алу тарихы» тарауын таңдап, өтінішті электронды цифрлық қолтаңбасымен растайды. Некені тіркеу күні және орны туралы хабарлама порталдағы жеке кабинетке келеді.

Ерлі-зайыптылардың тіркеуін жауапты орган өтініш берілген күннен бір ай өткен соң жүргізеді.

Айта кетейік, портал арқылы өтінішті 18 жастан асқан, некеге алғаш рет тұрғалы жатқан жандар ғана бере алады.


Жоғары қарай