Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қазақстанда 6 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 19:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 6 қыркүйек күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің І отырысы өтеді.

10.00-да «Мэриот» қонақ үйінде «National Tourism Awards 2019» Туризм жүлдесі туралы жиын өтеді.

10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Ұлттық және халықаралық деңгейдегі заң үстемдігі БҰҰ қызметінің басымдығы ретінде» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

11.00-де «Қазмедиа» орталығында «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген режиссер Мұрат Бидосовтың «Қаламгер» тарихи драмасының алдын ала көрсетілімі өтеді.

11.00-де «Astana Politech» колледждінде санитарлық техникалық жүйе және жабдықтар бойынша GROHE Ресурс орталығы ашылады.

14.00-де «Қазақстанның азаматтық альянсы» үкіметтік емес ұйымдар үшін іскерлік қазақ тілін үйрену бойынша семинар өткізеді.

15.00-де Ақордада Мемлекет басшысы Арыс қаласын қалпына келтіргендерді марапаттайды.

АЛМАТЫ

10.00-де «Алма» қонақ үйінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның XV кезектен тыс съезі өтеді.

16.00-де Тұран университетінде «Miss Teen Almaty» байқауының ақтық сайысы өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай