Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Қазақстанда әйелдер ерлер жалақысының 67 пайызын ғана алады - БҰҰ

2019 жылдың 27 наурыз 2019 17:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда ерлер мен әйелдер алатын айлықтың айырмасы 33 пайызды құрап отыр. «БҰҰ әйелдері» құрылымының Қазақстандағы өкілі Илейн Конкевич осындай көрсеткішті келтіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі шара еліміздегі әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін бағалауға және оны арттыруға бағытталып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасы да, әйелдердің экономикаға араласу деңгейі де артып келеді. Алайда жалпы жағдай біз ойлағандай болды деуге әсте келмейді. Иә, шағын және орта бзнесте әйелдердің жетекші болып жүргенін жиі көруге болады. Алайда негізінен басшылықта көбінесе ер адамдардың отырғанын атап өту керек. Қазақстанда ер адамдар мен әйелдердің айлығының айырмашылығы айқын байқалады», - дейді ол елордада «Қазақстандағы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту: тәжірибе, сын-қатерлер және перспективалар» атты конференцияда.

Илейн Конкевичтің айтуынша, ер адамдар мен әйелдердің үйдегі міндеттемелерін зерттеу керек.

«Экономика саласына әйелдердің үлесін арттыру бағытында бүгін ұтымды ұсыныстарды тыңдаймын деген үмітім бар. Сонымен қатар, әйелдер жұмыс орындары бойынша конкурстарға қатыса алатындай әлеуметтік жүйені қолдау керек. Бұл ретте көбірек балабақша мен үйдегі міндеттемелерді атқаруда ерлерден қолдау қажет. Әсіресе, инвестиция, инфрақұрылым, энергетика, көлік секілді салаларда әйелдердің жұмыс істеуі сирек. Ауылдағы әйелдерді қолдау бойынша жобалардың барын атап өту керек», - дейді ол.

Илейн Конкевичтің сөзіне құлақ ассақ, ерлер мен әйелдердің айлықтарының арасындағы айырма 33 пайызды құрайды.

«Қазіргі таңда әйелдер ер адамдардың айлығының 67 пайызын ғана алып отыр. Әлбетте, ірі компанияларды басқарып отырған әйелдердің барын айта кету керек. Десе де, олардың саны аз. Көбінесе, атап өткенімдей, әйелдер тек шағын және орта бизнесте жетекшілік етуде», - дейді Илейн Конкевич.

Жоғары қарай