Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Қазақстанда білім алатын ауған әйелдерінің алғашқы тобы Алматыға келді

2019 жылдың 19 қазан 2019 09:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақтың білім беру жобасы аясында ауған әйелдерінің алғашқы тобы Қазақстанға оқуға келді, ҚазАқпарат Қазақстандағы ЕО өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 қазанда Almaty Management University-інде (бұдан әрі - Alma U) Еуропалық одақ қаржыландыратын және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асыратын жобаға қатысушы отыз ауған әйелінің алғашқы тобы Қазақстанға оқуға келуі қарсаңында ресми қабылдау жүргізілді. Іс-шараға Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш және Қазақстандағы Ауғанстан Ислам Республикасының Елшісі Мохаммад Фархад Азими қатысты. «Ауған студенттері Alma U-да өткен бір апталық курсы барысында алдағы оқу бағдарламасымен, кампустың орналасуы және университетте жасалған жағдайлар, сондай-ақ Қазақстанның ерекшеліктерімен танысты. Енді олар сегіз айлық тереңдетілген ағылшын тілі курсын тәмамдағаннан кейін қазақстандық университеттердің бакалавриат, магистратура және техникалық бағдарламаларына оқуға түсуге мүмкіндік алады», делінген хабарламада. «Біз әйелдердің экономикалық өсім мен тұрақты дамуда елеулі рөл атқаратының және олардың экономикалық мүмкіндіктері әр елдің өркендеуі мен гүлденуі үшін маңызды деп санаймыз. Еуропалық одақ, Ауғанстан және Орталық Азия арасындағы ортақ көзқарасқа негізделген нық сенімділік, ол үш елді – Ауғанстан, Қазақстан және Өзбекстанды білім саласына қаржы бөлу арқылы біріктіре отырып, олардың арасындағы әлеуметтік және экономикалық байланыстарды нығайтуға үлес қосу. Бұл ортақ қауіпсіздік мәселелерін шешуге және одан да бейбіт ортаны құруға септігін тигізеді», - деп атап өтті ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон. Еуропалық одақ Қазақстан және Өзбекстанның жоғарғы оқу орындары мен мамандыққа даярлау орталықтарында ауған әйелдеріне білім алуға мүмкіндік беретін үшжақты ынтымақтастық жобасына 2 миллион еуро көлемінде грант бөлді. «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және білімге қолжетімділікті жеңілдету – БҰҰ ДБ-ның әлем бойынша жұмысының басымдықтары. Біз бұдан бұрын Қазақстан Үкіметімен әріптестік аясында, ауған әйелдерінің осында білім алуына мүмкіндік жасадық. Аталған жаңа бастаманың осы жинақталған тәжірибеге сүйенуі және оны іске асыру үшін Еуропалық одақтың БҰҰ ДБ-ға сенім артқаны қуантарлық жайт. Біз бұл әріптестігіміздің тұрақтылығын арттыруға жұмыс жасауға дайынбыз», - деп атап өтті БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш. 2025 жылға дейін Қазақстан мен Өзбекстанның оқу орындарында ауыл шаруашылығы, қолданбалы статистика және тау-кен өндірісі салаларында бакалавриат, магистратура және техникалық мамандықтар бойынша 50 студент білім алады. «БҰҰ+Әйелдер» жобасының серіктесі ретінде олар жобаға қатысатын әйелдерге арнап кәсіпкерлік және нетуоркинг дағдыларын арттыратын жазғы мектептер ұйымдастырады, бұл олардың әрі қарай жұмысқа орналасуына және экономикалық құқықтар мен мүмкіндіктерінің кеңеюіне жол береді. «Аталған бастама әйелдер үшін кәсіпкерлік пен жұмысқа орналасу бойынша жаңа мүмкіндіктерді ашып, Ауғанстандағы олардың қауымдастықтарының дамуына үлес қосады деп күтілуде. БҰҰ ДБ-ның 2018 жылға арналған адам дамуы туралы есебіне сәйкес, барлық ересек ауған әйелдерінің 11 пайызы кем дегенде орта білім алған және олардың тек 19,5 пайызы ғана жұмыспен қамтылған, ал ерлер арасында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 37 және 87 пайызды құрайды. 2016-2017 жылдары Ауғанстан халқының жартысынан көбі кедейлік шегінде өмір сүрді», делінген хабарламада.







Басты сөздер: ЖОО-лар, Алматы, БҰҰ, Еуропа,
Жоғары қарай