Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Қазақстанда бір дәрігерге 1900 адамнан келеді

2019 жылдың 21 қазан 2019 16:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, ЖОО түлектерін тартудың арқасында биыл дәрігерлер тапшылығы 900-ге азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта 2019-2020 жылдарға арналған алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту жоспары іске асырылып жатыр. Осы жылы 1 300 дәрігерлік бөлімше ашылды. Әр бөлімшенің жүктемесі - 1 658 адамнан келеді. Алайда кадрлардың жұмысты қоса атқаруы мен тапшылығына байланысты 1 дәрігерге іс жүзінде бекітілген халық саны 1 900 адамды құрап отыр», - деді Елжан Біртанов Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, ЖОО түлектерін жұмысқа тартудың арқасында биыл алғашқы медициналық көмек дәрігерлерінің тапшылығы 900 адамға азайған.

«Цифрландырудың арқасында емханалардағы кезек 30 пайызға төмендеді. Шұғыл сипаттан тыс шақырулар жедел жәрдем қызметінен бөлімше дәрігерлеріне берілгеннен кейін жыл ішінде жедел жәрдем шақырулары 25 пайызға төмендеді. Ауруларды басқару бағдарламаларына 462 мың адам қатысып жатыр. Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын ауруларды стационарларға емдеуге жатқызу 2,5 есеге төмендеді», - деді ол.

Елжан Біртанов атап өткендей, 2022 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қоса алғанда елімізде 595 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынып, жаңартылады. Бұл алғашқы көмек нысандарын үлкейтіп, олардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоғары қарай