Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Қазақстанда бірінші және екінші санаттағы жолдың үлесі 34% жетті

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 04:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда бірінші және екінші санаттағы жолдардың үлесі 34% дейін жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 8,2 мың шақырымы бүгінгі таңда бірінші және екінші техникалық санатқа жатқызылған. 2025 жылға қарай аталмыш көрсеткіш Қазақстандағы барлық жолдардың 60% дейін жеткізіледі деп жоспарлануда.

«Инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасының өткен бесжылдығы автомобиль жолдарының 3 мыңнан астам шақырымының құрылыс және реконструкциялау жұмыстарымен қамтылғанымен есте қалды. Сондай-ақ, 2015 және 2019 жылдардың аралығында жолшылар республикалық маңызға ие жолдардың шамамен 7 мың шақырымы мен жергілікті маңызы бар жолдардың 15 мың шақырымын жөндеді. Бұл өз кезегінде ел өңірлерінің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік беріп, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бергені сөзсіз» делінген хабарламада.

Тұтастай алғанда, Қазақстанда қозғалыс қарқыны тәулігіне 300 көліктен басталатын бірінші және екінші санаттағы жолдардың ұзақтығы өткен жылдардың көрсеткіштерімен салыстырғанда 34% дейін жеткізілді. Жаңа «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес, аталмыш көрсеткіш бес жылдан кейін шамамен екі есеге артпақ. Осылайша, барлық республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы жақсы және қанағаттандырарлық болады деп жоспарланған.

Еске салайық, бүгінгі таңда республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының 88% жоғарыда аталған сапа санатында. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін облыстық және аудандық маңызға ие жолдардың 27 мыңнан астам шақырымы жөнделеді. Тиісінше, жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдар желісінің үлесі 95% дейін жеткізілмек.


Жоғары қарай