Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстанда бітімгершілікке арналған технология саласындағы БҰҰ симпозиумы өтеді

2019 жылдың 9 мамыр 2019 14:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28-31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында бітімгершілікке арналған технология саласындағы әріптестік бойынша БҰҰ-ның симпозиумы өтеді. Бұл жөнінде Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бітімгершілік тақырыбында өткен ашық пікірталасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның Елшісі алдағы болатын симпозиум бітімгершілік операцияларының тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру бағытында мемлекеттер, ғылыми және халықаралық ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестіктің алаңына айналатынын атап өтті. Іс-шараның басты тақырыптары бітімгерлердің қауіпсіздігін арттыру, коммуникацияларды күшейту, ахуалдық жағдай жөнінде хабардар болуды жақсарту, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларға қарсы тұру, телемедицинаны енгізу және қоршаған ортаға ықпал етуді азайту мақсатындағы технологиялық инновациялар болмақ.


null

Қазақстан астанасында өтетін алдағы симпозиум Орталық Азияда тұңғыш рет өткізіледі. Онда Қазақстан Республикасынын Қорғаныс министрінің шақыруымен БҰҰ Бас Хатшысының оперативтік қолдау бойынша орынбасары Атул Харе және бітімгершілік операциялары бойынша орынбасары Жан-Пьер Лакруа қатысады. Бұған дейін мұндай БҰҰ іс-шаралары дамыған елдерде, атап айтқанда Германия, Австрия, Италия және Оңтүстік Кореяда өткізіліп келген.

Симпозиумды Қазақстанда өткізу БҰҰ-ның мүше-мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының өкілдерін отандық қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің үлгілерімен таныстыруға мүмкіндік береді және бұл өнімдер қазірдің өзінде БҰҰ бітімгершілік миссияларына контингенттерін жіберуші мемлекеттердің арасында қызығушылық тудырып отырады. Жекелеген бітімгершілік операциялар жүргізіліп жатқан қиын жағдайлардағы қақтығыстарда отандық «Барыс» бронетехникасы мен «Арлан» миналарға қарсы корғауы бар көліктер сияқты отандық әскери техника сұранысқа ие болуда. Сондай-ақ, БҰҰ миссияларына арналған бірқатар қазақстандық технологиялық жобалар да талқыланбақ.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық пікірталасында Қ.Омаров Қазақстанның бітімгерлерді даярлауға және ұлттық бітімгерлік әлеуетін дамытуға үлкен көңіл бөлетінін атап өтті. Сонымен қатар, Елші БҰҰ-ның осы жылдың басында «Бейбітшілік үшін серіктестік» атты қазақстандық оқу орталығының (KAЗЦЕНТ) бітімгершілік курстарын сертификаттап, олардан енді әлемнің кез-келген мемлекетінің әскери қызметкерлері өте алатынын да еске салды.


null

2018 жылдың қазан айында Қазақстан алғаш рет Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштеріне Үнді батальонымен бірге 120 әскери қызметші бітімгершілік ротасын жіберді. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Батыс Сахара бойынша референдум өткізу жөніндегі миссиясында екі қазақстандық әйел-офицер әскери бақылаушы ретінде қызмет атқаруда.

Жоғары қарай