Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Қазақстанда электромобильге деген сұраныс қандай

2020 жылдың 6 сәуір 2020 04:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы бірінші тоқсанында Қазақстанда 315 мың автокөлік тіркеуге қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есепті кезеңде әкімшілік полиция органдары 315 109 автокөлікті тіркеуге қойды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,7 пайызға кем. Оның ішінде 293 516-сы екінші рет тіркелгендер үлесінде, яғни бір адамнан екінші адамның атына ауыстырылған көліктер санатына жатқызылды. Бір жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 3,9 пайызға төмендеді. Ал алғаш рет тіркелген көлік құралдарының саны 21 593-ті құрады. Ол былтырға қарағанда, 16,5 пайызға жоғары», - деп атап көрсетілген таратылған мәліметте.

Биылғы қаңтар-наурызда Қазақстан аумағында 11 электромобиль тіркелген екен.

«ҚазАвтоӨнеркәсіптің» хабарлауынша, есепті кезеңде қайта тіркелген көліктердің үштен екісінен астамын (69 пайызы) пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер қамтыған.

Атап айтқанда, 20 жылдан асқандардың үлесі 126 406 мың көлік (43,1 пайыз) болса, 11-ден 20 жылға дейінгілер 25,9 пайызды (76 122 көлік) құрады. Ал 4-тен 7 жылға дейінгілер – 49 200 көлікке (16,8 пайыз), 8-ден 10 жылға дейінгілер – 28 573 көлікке (9,7 пайыз), 1-ден 3 жылға дейінгі көлік саны 12 937-ге жетті. Сонымен қатар, пайдалану мерзімі 1 жылға жетпеген көліктердің үлесі 0,1пайыз (317 автомобиль) болды.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Өнеркәсіп, Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай