Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстанда ең көп сатылған жаңа көлік брендтері анықталды

2019 жылдың 15 қазан 2019 14:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы 9 айда ресми дилерлер 50 мыңға тарта автокөлік сатты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «ҚазАвтоӨнеркәсіпке» сілтеме жасап хабарлайды.

«Қаңтар-қыркүйек аралығында ресми дилерлер 49 243 көлікті сатты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,3 пайызға жоғары. Есепті кезеңде қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 451,2 млрд теңге жұмсап, 2018 жылғы деңгейден 27,1 пайызға артық болды», - делінген таратылған мәліметте.

Көлік сатып алушы 27 795 адам (56,5 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар, 9 айда сатылған 21 448 автомобиль импортқа тиесілі болып отыр.

Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada көш бастап тұр. Республика аумағында ресейлік марканың 11 092 көлігі өткізілген. Ал сатылған Toyota модельдерінің саны 10 524-ті құрады. Үшінші орынға саудаланған 10 008 көлігімен Hyundai шығып отыр. Сондай-ақ бұл бестікке KIA (2 358 автокөлік) және Renault (1 821) брендтері енді.

Жоғары қарай