Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі жоғарылады

2019 жылдың 4 наурыз 2019 19:01 1507

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылғы ақпанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 27 111 теңгені құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы ақпанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5%-ға жоғарылады», - делінген комитет мәліметінде.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,4%, жемістер мен көкөністерді - 8,4%, нан және жарма өнімдерін - 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады.

 

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Статистика, Экономика,
Жоғары қарай