Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Қазақстанда eSIM енгізіледі

2019 жылдың 1 қазан 2019 12:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 5G енгізілгеннен кейін ұялы телефондарға eSIM енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЕSIM бойынша жаңа тұжырымдама бар. Ол чип түріндегі классикалық сим-картаның бағдарламалық деңгейде жасалатындығын білдіреді. Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторлары eSIM тұжырымдамасын әзірлеп жатыр», - деді ол.

Осы ретте Қазақтелеком басшысы таяу аралықта бұл бағыттағы алғашқы шешімдердің жария етілетіндігін айтты.

«Сол кезде ұялы телефонға сим-картаны чип салмастан бағдарлама түрінде жасауға болады. Бұл нұсқа қазір талқыланып жатыр. Меніңше, 5G қосылғаннан кейін технологиялардың басым бөлігі eSIM негізінде енгізіледі», - деді Қ.Есекеев.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Қуанышбек Есекеев 5G технологиясын тестілеу нәтижесін жария етіп, оның барысында туындаған бірқатар проблеманы атаған еді.

Жоғары қарай