Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Қазақстанда кадрлық қажеттілік қалай болжанады

2019 жылдың 24 маусым 2019 11:00 460

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда еңбек нарығын жаңғырту және жаңа өзгерістерге дайындау жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізіп жатқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің сөзіне қарағанда, кадрларға қажеттілікті болжаудың мынадай үш деңгейлі ұлттық жүйесі енгізіледі: қысқа мерзімді кезең (1 жыл), орта мерзімді кезең (5 жыл), ұзақ мерзімді кезең (2050 жыл).

«Ол бізге бүгін және 5-10 жылдан кейін қандай және қанша маман қажет екенін түсінуге, сондай-ақ еңбек ресурстары ағынының бағыттары мен шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижелері орта және жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде, қысқа мерзімді және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде қолданылатын болады», - деді Б.Сапарбаев.


null 

Сондай-ақ, ол Ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру жалғасып жатқанын айтты.

«Қазіргі таңда 106 кәсіби стандарт әзірленді. Онда жұмыс берушілердің қызметкерлердің біліміне, дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптары көрсетілген. Ағымдағы жылы 12 басым сала бойынша 480 кәсіби стандарт пен 38 салалық біліктілік аясын әзірлеу және қабылдау жоспарлануда. Кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламалары жаңартылады», - деді министр.

Оның айтуынша, салалық жұмыс берушілерді кәсіптік стандарттар әзірлеуге тарту үшін 2019 жылы жобалық топ құрылды. Оған салалық министрліктердің басшылары кіреді. Министрлік біліктілік жүйесін одан әрі дамыту үшін халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлеп жатыр. Ол екінші жартыжылдықта қабылданады.

 

 

Жоғары қарай