Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстанда қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өнімдері 10,3% өсті

2019 жылдың 2 мамыр 2019 20:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 2019 жылдың сәуір айында өткен аймен салыстырғанда 1,1% -ға өсті.

Сондай-ақ 2018 жылдың желтоқсан айынан - 2,4%-ға, биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға артқан. Бұл жайлы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жыл басынан бері тау-кен өнеркәсібіндегі өңдеуші кәсіпорындардың бағасы 3,2%-ға, өңдеу өнеркәсібінде - 3%-ға өсті.

Өнеркәсіп өндірісі 2,7%-ға қымбаттады, өнеркәсіп қызметтерінің бағасы 0,1%-ға төмендеді.

Жыл басынан бері көмір 10,7% -ға, сұйытылған пропан мен бутан - 7,6% -ға, металл кендері - 5,4% -ға, мұнай - 3% -ға, табиғи газ - 2,4% -ға, дизель отыны - 1,5%-ға қымбаттап, бензин 11,5%, мазут 2,9% төмендеді.

Бағаның өсуі асыл металдарда - 8,5%, қорғасын - 8,3%, мырыш - 8,2%, мыс- 6,1% -ға, ферроқорытпалар - 0,6% -ға өскені байқалады, ал қара металлдар бағасы -0,8%, алюминий - 0,2% төмендеді.

Қара бидай ұны -19,9%, бидай -11,9%, күріш -13,3%, жарма -10,7%, макарон өнімдері - 9,7%, ірі қара мал еті -5%, нан - 3,5%, шай - 2,6%, өсімдік майы - 2,5% -ға, сүт өнімдері - 2,2% -ға, балық - 1,9% -ға, құс еті - 0,5% -ға өсті.

Жоғары қарай