Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Қазақстанда клиникалық мамандықтарды базалық даярлау мерзімі 1 жылға қысқарады

2019 жылдың 17 қазан 2019 12:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда клиникалық мамандықтарды базалық даярлау мерзімі 1 жылға қысқарады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беру қызметін жетілдіру мақсатында Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының талаптарына сәйкес білім алушыларды және түлектерді үздіксіз интеграцияланған оқыту және кәсіптік даярлығын тәуелсіз бағалау моделін енгізу көзделеді», - деді ол Мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасының жаңа редакциясын таныстыру барысында.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, ғылыми қызметті жетілдіруге бағытталған нормалар қарастырылады. Атап айтқанда инновациялық биомедициналық зерттеулер енгізіледі. Әдеп жөніндегі комиссияның қызметін жетілдіріледі. Биобанктерді ұйымдастыру және реттеу бойынша нормаларды регламенттеледі.

«Нәтижесінде клиникалық мамандықтар бойынша базалық даярлау мерзімі 7 жылдан 6 жылға дейін қысқарады. Медицина кадрларын даярлау сапасы артады. Қолданбалы және іргелі зерттеулерді қамту қамтамасыз етіледі», - деді Елжан Біртанов.

Жоғары қарай