Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 41 адам тіркелді

2020 жылдың 28 наурыз 2020 10:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 наурыз сағат 10:00 жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 41 адам тіркелді, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласында - 32 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы қаласында - 2 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Атырау облысында -1 адам. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020 сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам, Алматы қаласында – 57 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам,

Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Алматы облысында - 2 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 191 науқас тіркелді.


Жоғары қарай