Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Қазақстанда қосымша 15 әуежай қалпына келтіріледі

2019 жылдың 21 маусым 2019 18:14 1560

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -2022 жылға дейін қосымша 15 әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Парламент Сенатында көлік-логистикалық қызметтерді дамытуға арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті әуе желілері мен әуежайлары жағдайын жақсарту маңызды. Бүгінде Қостанай әуежайындағы ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстарын жүргізудеміз. 2020 жылға дейін еліміздің барлық әуежайларындағы ұшу-қону жолақтарын қайта жөндеуден өткізуді аяқтау жоспарланып отыр», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде жергілікті маңыздағы Үржар, Үшарал, Зайсан әуежайлары қызмет көрсетуде. Баянауылда да ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстары аяқталуда.

«Бізде 500 млн теңге сомасындағы сметалық құжатнаманың типтік жобасы бар. Осы орайда жергілікті әуе желілерін қалпына келтіру үшін оны жергілікті әкімдіктерге жолдадық. 2022 жылға дейін қосымша 15 әуежайды қалпына келтіруді жоспарға енгіздік», - деді Б. Камалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, вице-министр шілдеде Қазақстаннан Жапонияға жаңа әуе рейсі ашылатынын мәлім етті.

 

 

 

Жоғары қарай