Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қазақстанда күн 35 градусқа дейін ысиды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 09:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 17-19 қыркүйекке арналған ауа рай болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Иран аймағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен республиканың оңтүстігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25…30°С дейін, кей жерлерде плюс 35°С дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді. Кей жерлерде жаңбырдың күтілуіне қарамастан, мұнда жылы болады, күндіз ауа температурасы плюс 20…28°С дейін жоғарылайды. Тек батыс облыстарында Ресейдің жылжитын атмосфералық фронттар ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді» - делінген хабарламада.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай