Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қазақстанда қымыз бен шұбат өндірісі айтарлықтай артты

2019 жылдың 26 қыркүйек 2019 11:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық компаниялар ұлттық дәстүрлі сусындар өндірісін арттыра бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еnergyprom.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда сүттің бағасы өсіп келеді. Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында өңделген сүт пен кілегей өндірісі 365,1 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (340,3 мың тонна) 7,3 пайызға артық. Сонымен бірге, елімізде сары май мен сүт спредтерінің өндірісі жылына 14,5 пайызға артып, 12,3 мың тоннаны құрады (бір жыл бұрын 10,7 мың тонна еді). Осы жылдың сегіз айында 19,2 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (18,4 мың тонна) 4,3 пайызға артық», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазақтың ұлттық сусындарының өндірісі де айтарлықтай артқан.

«Биыл қымыз өндірісі 685 тоннаны құрап, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (511 тонна) 34,1 пайыз артық екені анықталып отыр. Сол секілді шұбат өндірісі 1,7 мың тоннаны құрап (бір жыл бұрын - 997 тонна), өткен жылмен салыстырғанда 72 пайызға ұлғайды», - деп хабарлайды energyprom.kz.

Жоғары қарай